Жаңалықтар

«Нағыз ледилар өсіп шықты»: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелегені жайлы бөлісті

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазылушыларымен қыздарын қалай тәрбиелегені жөнінде ой бөлісті. Музыкаға деген сүйіспеншілік дарытып, оларды нағыз леди етіп өсіргенін айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Көп балалы ана атанған продюсер Instagram желісіндегі стористе ана ретінде өз тәжірибесімен бөлісті.

«Маған жиі қояр сұрақ – қалай мұндай балалар өсірдіңіз? 10 жыл бұрын неден бастау керек екенін, дәлірек айтсам, неден жалғастыру керектігін білген едім. Нәтижесінде осы жазбада көрсетілгеннің бәріне сай нағыз леди өсіп шықты», – деді Баян Мақсатқызы.

Ол сонымен бірге он жыл бұрын жарияланған жазбаға сілтеме қалдырып, онда кішкентай Айарудың рояльде ойнап отырған видеосын көрсетті.

«Балаларымның жетістіктерімен ең қатты мақтанамын! Ерте жастан бастап оларға ең жақсыны беруге тырыстым. Музыкамен байланыс – баланы тәртіпке, табандылық пен жігерге баулудың ең жақсы жолдарының бірі. Меніңше, болашақ нағыз леди музыкалық аспапта ойнап, әдемі би билей алуы, бірнеше тілді білуі керек. Біз осы бағытта баяу болса да, нық қадам басып келеміз», – деп жазды продюсер.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close