Астанадағы банк бөлімшесінде басынан өткен ерекше оқиғаны айтқан қазақстандық әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасы талқылануда, деп жазады qandastar.kz.
Оның айтуынша, күйеуі танымал әнші Димаш Құдайбергенмен күтпеген жерден жолыққан. Оқиға ТРЦ «Керуен» сауда орталығында болған.
Әйелдің сөзінше, бәрі күндегідей басталған.
«Керуендегі Халық банкте күйеуіммен кезекте отыр едік, күйеуім Димаш Құдайбергенді байқап қалды. Мен ішім пысып, дүкен аралап кеттім», – деп еске алады ол.
Осы уақытта күйеуі әншіге жақындап, суретке түсуге ниет білдірген. Алайда дәл сол сәтте телефонының қуаты таусылып қалған. Сонда Димаш өзінің телефонына түсуді ұсынып, сосын суретті WhatsApp арқылы жанкүйеріне жіберген.
Қысқа әңгіме барысында ер адам өзін дәрігер екенін айтқан. Бұған жауап ретінде Димаш:
«Нағыз жұлдыздар – адамдардың өмірін сақтап қалатын дәрігерлер», – деп өзінің құрметін білдірген.
Әйел бұл сөздер оған ерекше әсер еткенін айтады:
«Шын мәнінде, дәрігерлер еліміздің элитасына айналады деп сенемін», – дейді ол.
Автор сондай-ақ Димаштың қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін ерекше атап өтті:
«Ол сондай қарапайым әрі кішіпейіл адам. Кейде өмірде тәкәппар адамдарды көргенде «әлемдік деңгейде танымал болса не болар еді?» деп ойлайсың» – дейді ол.
Оқиға Threads желісінде тез таралып, қолданушылар арасында жылы пікірлер тудырды.




