Нұрбек Қарабала өз әлеуметтік желісінде жазба жариялап, уәдесін орындағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Қарағандыдағы турнирде мен Елдосқа өзі көрсеткен жерге воркаут спорт алаңын салып беремін деп уәде еткен едім. Міне, уәде орындалып, алаң толықтай дайын болды», — деп жазды ол.
Айтуынша, жастар осы жерде шынығып, мықты болып, тәртіп пен қайратты қалыптастырып, өз энергиясын өзіне, отбасына және қоғамымызға пайдасы тиетін бағытқа жұмсаса деген мақсатта салынған.
Бұл орын болашақ чемпиондар өсіп шығатын мотивация нүктесіне айналады деп сенім білдірді.
- Елдос Сметов — қазақстандық дзюдошы, Париж-2024 жазғы Олимпиадасының чемпионы.