Жаңалықтар

Нариман Құрбанов Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына медаль салды

Фото: олимпик

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close