Жаңалықтар

Нариман Құрбановқа автокомпания көлік мінгізді

Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Skoda Kodiaq көлігін сыйға тартты.

Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз, – деді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.

Өз кезегінде спортшы да оларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Отандық компанияның жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мені әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады, – деді Нариман Құрбанов.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлде алған Құрбановтың елеусіз қалғанына қынжылыс білдірген еді. Себебі күміс, қола медаль еншілеген өзге спортшылар Парижден елге орала салысымен кәсіпкерлер тарапынан бір-бір көлік мініп, сый-сияпатқа кенеліп жатқан болатын.

Фото: Allur баспасөз қызметі

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close