Премьер-министр Олжас Бектенов президент сұхбатында айтылған мәселелерді бос әңгімесіз орындауды тапсырды, деп жазады qandastar.kz сайты Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы отырысында премьер президенттің кешегі сұхбатында айтылған мәселелерге баса назар аударды. Одан кейін министрлерге нақты тапсырма берді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар бар күш-жігерін салып, нақты нәтиже көрсетуі керек.
Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз, — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, президенттің бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта үкіметтің алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді.



