Жаңалықтар

НАТО Балтық теңізінің қауіпсіздігі туралы Декларацияға қол қойды

НАТО елдерінің Қорғаныс министрлері Брюссельдегі кездесу барысында Балтық теңізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Декларацияға қол қойды. Бұл туралы Литва Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Құжат НАТО мен Еуропалық Одақ елдерінің аймақтағы тығыз ынтымақтастығын күшейтуді, ақпарат алмасуды, сондай-ақ дұшпандық әрекеттердің алдын алу мен суасты инфрақұрылымын қорғауды көздейді.

Жаңа келісім Гаагада өтетін НАТО саммиті қарсаңында қабылданып отыр. Одақ аймақтағы қауіпсіздік шараларын жетілдіруді жоспарлап отыр.

Бұған дейін, 4 маусымда, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте альянстың Қара және Балтық теңіздерін өзінің жауапкершілік аймағы ретінде қарайтынын, және кез келген қауіпке «жойқын жауап» берілетінін мәлімдеген болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close