Жаңалықтар
Наубайхана қызметкерлері нанды аяқпен илеген
Оқиға Алматы облысындағы Байсерке ауылында болған. Кадрлардан ванна ішінде иленген қамырды, лас еден мен жуылмаған ыдыстарды байқауға болады.
Наубайханашылардың бұл әрекетіне желі қолданушылары кері пікірлерін білдірді.
«Самал кафе жанындағы өзбектер ғоий. Баяғыда ұсталған еді аяқпен нан илеп, әлі де бұларға шара қолданбаған ба?», «Жауып тастау керек. Қамыр илейтін аппараты болса ғана рұқсат берсін», «Неге тексермейді. Мынадай былыққа қалай жол беріп отыр. Бала-шағаның ішіне түседі ғой осы лас дүниенің барлығы», – деді олар.
Аталған жағдайға қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ.