
Түркістан облысында инфаркт алған науқасқа жедел түрде ота жасауға асыққан кардиохирург Бекзат Усмановты жолда полиция тоқтатып, айыппұл салған, деп хабарлайды qandastar.kz
Дәрігер шұғыл отаны үлгеру үшін жылдамдықты асырған. Алайда жолда полицейлер көліктің алдыңғы терезесіне перде орнатқаны үшін тоқтатып, хаттама толтырған. Кейін дәрігер жағдайды түсіндірген соң, полицейлер оны қызметтік көлікпен ауруханаға дейін жеткізіп отырған.
Соған қарамастан бейнекамералар тіркеген жылдамдық үшін айыппұл салынған. Бірақ кейін ол айыппұлдың күші жойылды. Ал терезеге орнатылған перде үшін жазылған айыппұл заңды күшінде қалып, оны дәрігердің өзі төлеген.



