Жаңалықтар

Наурызбай қажы пітір садақаға қатысты ойын айтты

Фото: muftyat.kz

Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақаға қатысты ой қозғады, деп хабарлайды qandastar.kz

Айта кетейік, пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген еді.

“Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қарызға батып, садақа бермейді. Шамасы келген адам ғана береді. Осыны жақсылап біліп алайық. Біздің дініміздің кереметтілігі сондай адамдардың жағдайына қарайды. Тіпті, ауызашар бермеген адамға күнә жазылмайды. Ауызашар беру сауапты іс саналады. Берсеңіз сауап, жағдайыңызға қарап бермесеңіз де болады. Ол үшін күнә арқаламайсыз. Қалтаңыз көтермесе пітір садақа да бермеңіз, ауызашарға да шақырмаңыз. Шариғат оны міндеттемейді”, – деді Бас мүфти.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close