Әлем жаңалықтары

Навальный неден қаза тапты және бұл істе қандай шикілік бар?

Фото: ашық дереккөз

Алексей Навальныйға түрмеде у берілуі мүмкін, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Нақтырақ айтсақ, 16 ақпанда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ямалдағы №3 «Полярный волк» түзеу колониясында қаза болды. Оның өлімі жайлы ақпарат шыққаннан кейін кейбір дереккөздер Навальныйдың қаны ұйып қайтыс болғанын жеткізген.

Алайда, ақпараттық кеңістікте басқа да нұсқалар жеткілікті. Алексей Навальныйдың дәрігері, реаниматолог Александр Полупанның айтуынша, бірнәрсе деуге әлі ерте. Бастапқыда аутопсия жасалып, деректер талдануы керек деген болатын. Полупан Навальныйда бұрын тромбоздың белгілері болмағанын да айтады.

Бұған қоса Навальныйдың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған қаулының екі нұсқасы бар. The Insider мәлімдегендей, құжаттың соңғы нұсқасынан Навальныйдың уланған болуы мүмкін екенін көрсететін белгілер туралы мәліметтер алынып тасталған.

The Insider қаулының екі нұсқасын да жариялады (олар 2024 жылдың 26 шілдесінде шыққан) және оларды салыстырды. Алдыңғы нұсқада Навальныйдың 16 ақпанда іші ауырып, құсқаны және денесі құрысып, артынан есінен танып қалғаны көрсетілген. Ал кейін жарияланған қаулының «редакцияланған» нұсқасында бұл белгілер туралы ақпарат жоқ. Басылымның қолында Навальный қайтыс болғаннан кейін алынған объектілердің тізімі бар, онда да улану белгілерін дәлелдейтін деректер көрсетілген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close