Жаңалықтар

«Назарбаев менің жобамды керек қылмады» – Қажыгелдин

Ulysmedia коллажы

Мемлекет қайраткері, қоғам белсендісі әрі Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин кезінде Назарбаев оның Балқашта электр станциясын салу туралы жобасын керек қылмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында Қажыгелдин бірнеше депутат және жүрегінің түгі бар министрдің басын қосып, зум арқылы әлеуметтік мәселелерді талқылауды ұсынды.

– Біз мынадай бір әрекет жасасақ: сіз осы студия арқылы, зум арқылы 5-6 депутат, бүгінгі мәжілістің депутаттары, жүрегі бар министр болса, сарапшылар бар, бәріміз басымызды қосып, талқылайық. Әлеуметтік жағдай шынында қандай, қолымыздан не келеді, сол зумда 5 пункттен тұратын бағдарлама берейін, деді ол.

Сондай-ақ Қажыгелдин өзекті мәселені талқылап, оны шешу жолдарын не үшін зум арқылы талқылау керек екенін де нақтылай түсті.

– Ақылымызды жеке айтатын болсақ оны не басқаша қолданады немесе үстелдің астына тығып тастайды, қолданбайды. Мен сізге айтайын 2009 жылы мен бұрынғы президент Назарбаевтың қолына ұстатып бір проект жібердім. Балқашта 1 млрд кв өндіретін үлкен электростанция салу туралы. Оның бағасы 1 млрд 100 млн еуро еді. «Керегі жоқ» деді, – дейді экс-Премьер Қажыгелдин.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні Әкежан Қажыгелдин Ulysmediaға кең көлемді сұхбат беріп, оқырманға Қазақстанның келешегі, Тоқаевтың билігі, Назарбаев пен Қашаған дауы жайлы пікірін жеткізді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close