Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСаясат

Назарбаев пен Путин кездесті

Назарбаев пен Путин Кремльде кездесті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  Politico.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады. Саяси тұлғалардың кезекті басқосуы Мәскеудегі Кремль сарайында өтті.

Ресей басшысының баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада қос саясаткердің дөңгелек үстел басында жайғасқаны көрсетілген. Ресми хабарламада кездесудің нақты күн тәртібі мен талқыланған мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілмеген. Хабарламада тек жүздескені жайлы жазылған.

Еске сала кетейік Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет биылғы мамыр айында бас қосқан болатын.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button