Білім
Назарбаев университетіне оқуға түсу талаптары жеңілдеді
Фото: ашық дереккөз
Назарбаев университетіне оқуға түсу талаптары жеңілдеді, деп жазды qandastar.kz
Депутат Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, мәселе жоғарғы оқу орнына бюджеттен бөлінетін қаражаттың қысқаруынан туындап отыр.
“Университет қаражат тапшылығын өтеу үшін талаптарды төмендетіп, ақылы негізде оқитын студенттер санын көбейтуге мәжбүр болып отыр”, – дейді ол.
Осы ретте мәжілісмендер Жаңа Бюджет кодексінде университеттің қаржыландыру ашықтығын және есептілігін арттыруға бағытталған нормаларды енгізді.
«Енді оқу құнының есептеу әдістемесін нақты әзірлеп, жоғары оқу орнына жеткілікті және лайықты қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Университет сапасының және оның позициясының төмендеуіне жол беруге болмайды.
Кім не десе де, Қазақстанға бұл университет сөзсіз қажет деп санаймын»
, – деп жазады депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz