Білім
Назарбаев зияткерлік мектептерінде балаларды ақылы оқуға қабылдау ережесі өзгерді
Фото: ашық дереккөз
Назарбаев зияткерлік мектептерінде балаларды ақылы оқуға қабылдау ережесі өзгерді, деп жазды qandastar.kz
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы шілдеде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Нәтижесінде қаржы-шаруашылық және ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты кемшіліктер анықталды.
Аудиторлардың тексерісінен кейін бұзушылықтарды жою бойынша бірқатар шара қабылдады. Атап айтқанда:
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сатып алу шарттары мен олардың орындалуы жөніндегі құжаттар сатып алудың ресми веб-порталына орналастырылмақ. Тікелей шарт жасасу арқылы кітаптар мен көркем әдебиеттерді сатып алу тәсілі толығымен алып тасталды; Қызметкерлердің штат санын есептеу нормативі әзірленіп, бекітілді; Шетелдік педагогтердің қызметін бағалау өлшемшарттары бекітілді;
Филиалдарға шетелдік мұғалімдерді тарту шығындарының есебі жаңартылды. Атап айтқанда, бір шетелдік педагогке тұрғын үйді жалға алу алаңының нормалары белгіленді, бөлме саны көрсетілуі тиіс;
Ақылы негізде оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді оқушыларды оқуға қабылдау алдында олардың білімін бағалаудың міндетті рәсімі қосылды.