Әлем жаңалықтары
Назарбаевтар отбасы Канныдағы шараға 51 миллион жұмсаған

ФОТО ЖАНАРЫ КАРИМОВОЙ
Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев, оның жұбайы Аида Әлиева мен балалары Канныдағы қымбат шарада көзге түсті, — деп хабарлайды qandastar.kz.
Шараға кіру құны 33 000 еуро немесе 2 адамға 17 миллион теңгені құраған. Ал Назарбаевтар отбасы алтау болып барғандықтан, шараға қатысқаны үшін 51 миллион теңге жұмсаған.
Айта кету керек, шара Француз Ривьерасындағы ең қымбат сарайда өткен және қайырымдылық аукционы қазіргі Монако ханзадасының анасы Грейс Келлидің құрметіне орай ұйымдастырылды. Кештің ұйымдастырушысы – Голливуд жұлдызы Шэрон Стоун.