ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

“Назарбаевтың екінші әйелі” ШҚО-да бизнестің қандай әлеуметтік міндеттемесін орындап отыр?

Фото: KazTag

Бүгін «Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында көшпелі баспасөз мәслихаты өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Kznews.kz тілшісінің «Өңірдегі ірі тау-кен кәсіпорындары қандай әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр?» деген сауалына “Барыс” қорының атқарылған жұмыстарын жіктей отыра жауап берді, деп жазды qandastar.kz.

«Бізде «Барыс» қоғамдық қоры бар. Бұл қорға облыс әкімдігі ірі өнеркәсіптік өндіріс орындарымен жасасқан меморандумға сәйкес ақша аударылады. Қорда қор басқармасының өзінің практикалық кеңесі бар, бұл қоғамдық қор, ол шығындарды қай бағытта, не үшін, бірінші кезекте не жұмсау керектігін анықтайды», – деп жауап берді Ермек Көшербаев.

«Барыс» қорының иесі Азаттық радиосының тергеуіне және бейресми деректерге қарағанда, Назарбаевтың екінші әйелі Гүлнар Рақышева болып шықты. Бастапқыда қордың құрылтайшысы Руслан Радмирұлы Рақышев болды. Тегіне қарасақ, бұл Гүлнардың ағасы Радмир Рақышевтың ұлы. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Бұқтырма цемент» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Өткен жылы «Азаттық» радиосы әлеуметтік желілерге шолу жасап, Рақышеваның қазір Қазақстанда тұратынын және бірнеше кәсіптің иесі екенін атап өтті. Гүлнар Оразқызы – Алматы қаласы, Төле би көшесі, 40 үй мекенжайында тіркелген «Фирма Шарм» серіктестігінің иесі. Оның өзі компанияның директоры ретінде көрсетілген.

1998 жылы құрылған компания жылжымайтын мүлікті жалға беру және шаштараз қызметтері саласында жұмыс істейді. Statsnet деректер базасына сәйкес, «Фирма Шармның» жылдық айналымы шамамен 100 миллион теңгені құрайды. Гүлнар Рақышева – тағы бір табысты компания Sergio Group негізін қалаушылардың бірі. Компанияның жылдық табысы төрт-алты миллиард теңгені құрайды. Statsnet мәліметінше, биылғы жылы жылдық қаржы айналымы 12 миллиард теңгеден асты. Серіктестіктің астаналық филиалының кірісі де қомақты.

“Еншілерге” қарап, Назарбаевтың “екінші әйелі” қандай міндеттемелерді орындайды деген сауал туындайды…

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close