Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Назарбаевтың экс-күйеу баласының АҚШ-тан ақша сұрағаны туралы ақпарат тарады

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннің даулы ісіне қатысты ішкі құжаттардың арасында марқұм Рахат Әлиевтің аты аталған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Бұл құжаттарда Әлиевтің АҚШ-қа қашу үшін шамамен 2 млрд доллар сұрағаны, оның отбасы Қазақстандағы активтерін тәркілегеннен кейін өз қаржысын жоғалтқаны көрсетілген.

Материалдарға сәйкес 2007-2008 жылдары саяси ықпалынан айырылғаннан кейін кәсіпкер Еуропаға қашып, сол жерде жасырынып жүрген.

Тіпті Вашингтонда орналасқан RJI Government Strategies фирмасын жалдап, өзін саяси қудалаудың құрбаны ретінде көрсететін материалдарды жариялады.

Дегенмен АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама әкімшілігі бұл даулы мәселеге араласпау туралы шешім қабылдаған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд құпия хат алмасуларда Әлиев Вашингтонды өз мақсаты үшін пайдалануға тырысып жатқанын жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Австрия Рахат Әлиевті «Нұрбанк»-тің екі менеджерін өлтірді деп айыптады. Ол кінәсін мойындамады және істің ойдан шығарылғанын, сотта жауап беруге дайын екенін айтты.

2014 жылдың мамыр айында ол Венада тұтқындалып, сегіз айға жуық уақыт қамауда отырды.

2015 жылдың 24 ақпанында Әлиев камерасында өлі күйінде табылды. Тергеушілер бұл оқиғаны суицид деп тапты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button