Жаңалықтар
«Назарбаевтың көзін тұмандатқан өзінің әкімдері» – Құлбек Ергөбек

Фото: ашық дереккөз
Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстанда әкімдік институт өз-өзін ақтамады деген көзқарасын білдірді, деп жазды qandastar.kz
«Бірді-екілі әкімдер болмаса, әкімдік институт өз-өзін ақтаған жоқ. Керек болса, Назарбаевтың өзін құлатқан, өзін культке айналдырған, көзін тұмандатқан да өзінің әкімдері. Сосын әкім біткен дүниенің соңына түсіп кетті. Жаңа буын әкімдер келіп жатыр, соларда ендігі үмітіміз», – деді.