ЖаңалықтарСаясат

Назарбаевтың немересі Давоста дәріс оқыды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиев Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында менталдық денсаулық тақырыбында дәріс оқыды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Форумда Нұрали Әлиев The Spark of Light компаниясының негізін қалаушы ретінде таныстырылды. Ол 10 қаңтар күні Instagram парақшасында аталған компанияның ашылғанын хабарлаған болатын.

Менталдық денсаулық күні аясында Нұрали Әлиевпен бірге Колумбия университеті жанындағы руханият, сана және дене институтының негізін қалаушы Лиза Миллер, АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Патрик Дж. Кеннеди және өзге де спикерлер сөз сөйледі.

The Spark of Light компаниясының ресми сайтында Нұрали Әлиевтің қызметінің негізгі миссиясы адамзаттың саналы өмір сүру деңгейін арттыру, ішкі үйлесім мен айқындыққа жетуге көмектесу екені айтылған.

Компания мәліметінше, Нұрали Әлиевтің мақсаты – адамдардың өз-өзімен байланысын қалпына келтіріп, өмірін саналы түрде құруына және әлемге оң әсер етуіне ықпал ету.

Сайтта адамзаттың жаһандық өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқаны, бұл үдеріс 3D-ден 5D сана деңгейіне өту ретінде сипатталатыны атап өтіледі. Осыған байланысты компания адамдарға бағыт-бағдар беріп, олардың жоғары сана деңгейіне көтерілуіне көмектесуді көздейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button