Жаңалықтар

«Назаровпен араласып жүрген жоқсыз ба?»: депутаттың сөзі көпшілікке ұнамай қалды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров отбасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғап, көпшіліктің ашуына тиді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде депутаттың отырыс барысында айтқан сөздері тарады.

«Үйірді кім басқарады? Айғыр басқармайды. Ең үлкен биесі бар. Сол бие шөп жейтін жерді, баратын жерді таңдайды. Айғыр үйірді қорғайды. Қазақ отбасында патриархат бар деген ол – өтірік. Әулеттің ең төбесінде тұратын – әже», — дейді Ходжаназаров.

Халық қалаулысының бұл сөзіне жиналғандар күліп, қолдау білдірді.

«Сен келіспесең де өмірдің ащы шындығы осы. Дұрыс емес десеңіз, әжеңізден сұрап көріңіз», — деп жазды депутат.

Желіде қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.

«Кімге жағам деп айтылған екен қызық? Үйірде, айғырда не шаруаң бар ағасы мал емессің ғой. Мысалың өтпеді», «малға теңеуімізді қашан қояды екенбіз», «қазақ елі жылқы мінезді емес, қасқыр мінезді», «айғыр басқарады, бие бытовухамен айналысады» сынды пікірлер жазылып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button