Жаңалықтар

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалдық бәсекеге шыға алмады. 50 келіде жұдырықтасатын отандасымыз ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Валенсияны ұтқанымен, жартылай финалда қытайлық боксшы У Юймен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтылып қалды. Осылайша, Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасында жалғыз Нұрбек Оралбай ғана финалға дейін жеткен болатын. Өкінішке қарай, қалған боксшыларымыз жарысты жүлдесіз аяқтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close