Жаңалықтар

Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ал әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке ат мінгізілді.

Бұл туралы Райымбек ауданының әкімдігі хабарлады.

«Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Назым Абайқызы Қызайбайға құрмет көрсетілді. Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқа мінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды», – делінген хабарламада.

Әкімдік спортшының әкесі мен бапкерін де назардан тыс қалдырмапты.

«Сондай-ақ, спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Каменов Долкунжан Турсуновичке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты», – деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close