Рио Олимпиадасының чемпионы, Батыс Қазақстан облысының тумасы Данияр Елеусіновке жерлестері жылқы сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Құдайберген есімді желі қолданушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видео жариялады.
«Даңқты боксшыға жерлестерінің құрметі», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары мұндай тартуға ықыласын білдіріп жатыр.
«Әдемі қазақты қазақ қолдау керек жарайсыздар», «Батыр Данияр сен лайықты еңбек еттің», «Бұл марапаттарға лайықты Данияр» және «Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді» — деп жазуда олар.



