Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан өңірінде жарыс барысында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы ұстаздары арасында спартакиада өткен.
Іс-шара педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және кәсіби қауымдастықтың бірлігін арттыруға бағытталған.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев өзінің әлеуметтік желісінде әдемі видеомен бөлісті.
Онда қарсылас мектептің директоры өз мұғалімдеріне жанкүйер болып жүр.
Оның бұл әрекеті желіде де қолдау тапты.
Желі қолданушылары «қандай керек», «энергиясы көрініп тұр» деп пікір қалдырып жатыр.



