ЖаңалықтарМәдениет

«Не деген ұстамдылық»: Асанәлі Әшімовтың соңғы фотосессиясынан кадрлар тарады (ВИДЕО)

Танымал фотограф Ескендір Ізет аңыз тұлғаның соңғы фотосессиясындағы кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Аңыз адамның соңғы портретін түсіруге бұйырыпты…

Асанәлі ағамыз кірген кезде «Сіздердің студияларың ба?»деп сұрады. Негізі түсірем деп ойламадым, бірақ театр басшыларынан сұраған өтінішіммен, яғни көркемдік жетекшіміз gulsina_mirg және театр директорымыз erbol.zhaksykeldi_official зор көмегімен тарихи сәт!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары Халық әртісінің жұбайына деген ықыласына тәнті болып жатыр.

«Жұбайын еркелетіп басыңды қой дейді», «Жұбайымен түскенде жүзіне күлкі үйріліп басынды қой иыққа деп недеген сыйластық құрмет», «Тарихи суреттер, керемет тамаша» және «Қалай мықты шыққан», — деп жазып жатыр олар.

21 желтоқсан күні Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткері, халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өткен болатын.

 

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button