
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлдары жайлы жазба жариялап, желіде талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Продюсер ортаңшы және кенже ұлы өзіне бір күндерін арнағанын жазып, ағынан жарылды.
«Бүгін ұлдарым, таза ауаға демалдырып, соңынан киноға алып барып, мен үшін уақыттарын арнады. Өмір деген қызық қой, титтей кездерінде мен қыдыртушы едім, енді міне мені қыдыртып, көңілімді аулайтын жасқа келді. Аман болсын, бар болсын!» — деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсердің жазбасына қолдау білдіріп жатыр.
«Менің де үш ұлым бар. Сіз сияқты бірге серуендеп жүрейінші», «Әр анаға осылай жүру бұйырсын», «Ата анаға одан артық не керек» және «Осы бақыттан айырмасын» деп жазып жатыр олар.



