Қайрат Нұртастың қызы Алау TikTok-тағы хейтерлерге жауап беремін деп сынға қалды, деп жазады qandastar.kz
Әлеуметтік желіде «Revunews» арнасына берген сұхбатында, хейтпен қалай күресетінін айтқан Алау қазақша қойылған сұраққа мемлекеттік тілде еркін жауап бере алмай, ойын орысша жеткізген.
Ол сұхбат барысында ата-анасының қолдауының арқасында хейтерлерге төтеп бере алатынын да атап өтті.
Дегенмен, жазба астындағы пікірлердің басым бөлігі — теріс.
«Бұл қыз не қазақша, не орысша дұрыс сөйлей алмай ма?», «Өткенде ғана орысша қате айтып жатқан еді ғой», «Енді неге қазақша сөйлей алмай тұр?», «Қазақша сөйлесем – «мәмбет», орысша сөйлесем – «керемет» болам деп ойлап тұр ма?» — деген сынды пікірлер жазған.



