Шоу бизнес

«Неге салқын қабылдады?»: Роза Рымбаеваға әріптестерін менсінбейді деген айып тағылды

Өнер саласында жүрген бірқатар танымал әншілер Роза Рымбаеваға арнайы ықылас білдірді. Олардың қатарында Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Бейбіт Сейдуалиева, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова және Мөлдір Әуелбекова бар, деп жазады qandastar.kz. 

Жанар Айжанова бастаған өнерпаздар тобы Роза Рымбаеваға арнап ән шырқап, құрмет көрсетті. Ән барысында олар:

«Роза апай, сіз халқымыздың әнші қызысыз.

Роза апай, сіз халқымыздың батыр қызысыз.

Жаңа жылыңыз құтты болсын, Роза апай», – деп, әншіні құшақтап, сүйіп жатты.

Мұндай тосын құттықтауды күтпеген Роза Рымбаева:

«Не болып қалды, қыздар?» – деп жауап қатты.

Алайда осы сәттен кейін желі қолданушылары әншінің реакциясына қатысты түрлі пікір білдіріп, сын айта бастады. Кейбірі:

«Роза апай менсінбегендей болды»,

«Бәрінің киіміне шұқшия қарап тұрды»,

«Неге салқын қабылдады?»,

«Ұлық болсаң, кішік бол деген ғой, мейірімін көрсетсе жақсы болар еді», – деп жазды.

Айта кету керек, дәл осындай құттықтау әнші Мақпал Жүнісоваға да жасалған. Көпшілік Мақпал Жүнісованың жылы қабылдауын ерекше атап өтіп, екі әншінің реакциясын салыстырды.

«Роза апай суықтау қарсы алды, ал Мақпал апай өте жылы жүзбен қабылдады»,

«Екеуінің қарым-қатынасын салыстырып көріңіздер»,

«Мақпал апайдың мейірімі бірден байқалды», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button