АҚШ президенті Дональд Трамппен Давоста өткен кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
Оның айтуынша, тиісті құжатқа тараптар — мемлекет басшылары қол қойып, кейін ұлттық парламенттерге жолдануы тиіс, делінген Bild ақпараттық агенттігінің мәліметінше.
Бұған дейін Давоста сөйлеген сөзінде Зеленский Ресеймен атысты тоқтату мүмкін болған жағдайда, Украинаға тек еуропалық елдер тарапынан ғана емес, кең ауқымды қауіпсіздік кепілдіктері қажет екенін атап өткен еді. Оның сөзінше, Ұлыбритания мен Франция құрлық әскерін жіберуге дайын, алайда:
«АҚШ-сыз ешқандай қауіпсіздік кепілдігі жұмыс істемейді», — деді ол.
Киевтен алынған ақпаратқа сәйкес, Украина, Ресей және АҚШ арасындағы Абу-Дабиде өтетін үшжақты келіссөздер барысында негізгі назар аумақтық мәселелерге аударылады.
«Донбасс мәселесі — басты мәселе», — деп мәлімдеді Владимир Зеленский БАӘ-дегі келіссөздерге қатысты журналистерге.
Президенттің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, келіссөздердің басталуы бүгін кешке жоспарланған.


