
Непалдағы табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтар апат болған Непал мен Қытай шекарасына жақын аумақта болуы мүмкін. Қазір олардың орналасқан жерін анықтау үшін іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін азаматтардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткені белгілі болған.
СІМ жоғалған қазақстандықтардың жақындарымен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Қазіргі уақытта олардың нақты қайда екені туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Министрлік жағдайды бақылауда ұстап, іздеу жұмыстары туралы қосымша ақпарат болған жағдайда хабарлайтынын мәлімдеді.



