Netflix Warner Bros. киностудиясын сатып алатынын жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Warner Bros. «Касабланка» фильмін жасаған және «Гарри Поттер» франшизасын шығарған студия ретінде белгілі.
Мәміле бойынша Netflix бір акцияны 27,75 доллардан сатып алады. Жалпы құны — 82,7 млрд доллар. Сауда 12-18 ай ішінде толық аяқталуы мүмкін.
Бұл қадам Netflix үшін үлкен стратегиялық шешім болып табылады. Компания Warner Bros. фильмдеріне қатысты барлық ағымдағы келісімдерді сақтауға міндеттенеді.
Netflix басшылығы мәміле компанияның нарықтағы орнын нығайтып, табысын арттырады деп отыр. Сонымен қатар бұл абоненттер санын көбейтуге көмектеседі.
— Біз көп жазылушыларды тартып, кірісімізді арттыруды мақсат етеміз. Бұл компанияның дамуын жылдамдатады, — деді Netflix қос негізін қалаушысы Грег Питерс.
Сарапшылардың айтуынша, Warner Bros.-тың үлкен фильмдік кітапханасы Netflix-ке үлкен артықшылық береді.
Сауда алдында Warner Bros. акциялары өзгермеген, ал Netflix акциялары шамамен 2,8%-ға төмендеген.

