Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов тағы да жақсы ісімен елді елең еткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Кәсіпкер жаңа жылдық корпоративтік кеште барлық қызметкерлердің 65 жастан асқан ата-аналарына зейнетақы төлемдерін жариялады.
Бұл туралы оның компаниясының әлеуметтік желісінде жазылды.
«GALANZ bottlers жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылды қорытындылап, әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, барлық қызметкерлердің 65 жастан асқан ата-аналарына зейнетақы төлемдерін жариялады.
Әрбір ата-ана компаниядан ай сайын 50 000 теңге алатынын мәлімдеді», — делінген жарияланымда.
Желі қолданушылары ізгі тілектерін жазып жатыр.



