Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Нидерланд прокуратурасы: Халықаралық теңіз мердігері Назарбаевқа пара берген
Фото: swzmaritime.nl
Нидерланд прокурорлары халықаралық теңіз мердігері «Van Oord»-ты Қазақстанда пара берді деп айыптап отыр, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Прокурорлар «Van Oord» Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысы бар компанияға ақша аударған деп күдіктенеді.
Follow the Money журналистік зерттеу платформасындағы дерекке қарасақ, компанияға Қазақтанда ірі келісімдер жасауға арнайы агент көмектескен.
2015 жылы аталған компания Қазақстанда жарты миллиард долларға тапсырыс алған. Оның ішінде мұнай мен газды тиеу-түсіру терминалының арнасына қатысты жоба бар.
«Біз көтерген мәселе «Van Oord» ынтымақтастықты мерзімінен бұрын тоқтатқан агентке қатысты болып отыр. 2017 жылы компания ішкі процедураларды күшейткенін білдік. Бірнеше агентпен келісімдер қайта жаңартылмай, ал бір агентпен келісімшарт мүлде тоқтаған. Компанияның келісімшартты бұзғаны үшін агент бес миллион еуро өтемақы алған. Бұдан бөлек, жаңағы агент 19 миллион еуроға кенелгені күмәнді», – делінеді ресми дереккөзде.
Компанияның 2017 жылғы есебіне сәйкес, бұл мәмілелер заң аясында жасалмаған. Сондықтан Нидерланд прокуратурасы істі қатаң назарға алып, 2020 жылдан бергі жалғасқан тергеудің нүктесін қоюға асық.