Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның тұсауын еліміздегі биомедициананың негізін қалаушылардың бірі Салтанат Байқошқарова кескенін айтты, деп жазады qandastar.kz порталы qazaqstantv-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасына қонақ болған кезде айтқан.
«2013 жылы бір тойда «мені тұрмысқа шықсын» деген ниетпен тұсауымды Салтанат Байқошқарова кесті. Сенесіздер ме, келесі жылы дәл сол уақытта тұрмысқа шықтым. Осы ырымды құрбыма да жасап, тұсауын кестім. Ол 3 айдан соң тұрмысқа шықты», — дейді ол.
Желі қолданушылары бұл ырымның шынайы екенін айтып, қолдау білдіруде.



