Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарШоу бизнес

Никки Минаж Трамптың жанкүйері екенін айтты

Рэп-орындаушы Никки Минаж АҚШ президенті Дональд Трамптың ең үлкен жанкүйері екенін мәлімдеді. Ол президенттің жақтастарын оны «жала жабу науқандарынан қорғауға» шақырып, америкалық көшбасшыға қарсы айтылатын сын мен жеккөрушілік өзіне әсер етпейтінін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz порталы РБК life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Никки Минаж бен Дональд Трамп АҚШ Қаржы министрлігінің саммитінде кездесіп, бір-бірімен қол алысты.

«Мен, бәлкім, президенттің ең үлкен жанкүйерімін және бұл ешқашан өзгермейді. Адамдардың айтатын жеккөрушілігі мен сөздері мені мүлде алаңдатпайды. Керісінше, бұл мені оны одан сайын қолдауға ынталандырады», – деді әнші.

Өз кезегінде Дональд Трамп та Никки Минаждың қолдауына жоғары баға берді.

«Ол керемет. Ол әрдайым MAGA қозғалысының жақтаушысы болды», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар Трамп әншінің тырнақтарына ерекше назар аударып, әзіл ретінде өзі де «тырнақ өсіруі мүмкін екенін» айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button