Білім

Нонсенс: Дархан Сатыбалды директорларға мұғалімдерді жұмысқа тегін қабылдауды бұйырды

Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мектеп директорларына, білім бөлімі басшыларына жасаған ескертуінің видеосы тарады, деп хабарлайды qandastar.kz   Qaz365.kz.

Әкім өз сөзінде директорларға мұғалімдерді жұмысқа тегін қабылдауды бұйырады.

«Мектептерге мұғалімдерді жұмысқа алар кезде ақша сұрайды деген мәселелерді де естіп отырамын. Олар бойынша керек болса директорларды да, оның артында тұрған адамдарды да тексерткіземіз. Бізде білім саласы таза болуы керек. Біз сіздерге соншалықты көп қаражат бөліп жатырмыз. Президенттің айтуымен «Жайлы мектептер» салынып жатыр. Ал мына жағына келгенде сондай жағдай жасап жатсаңыздар, балалар қалай өседі? Келешегіміз не болады?» – дейді ол.

Әлеуметтік желіге тараған видео әкімнің Келес ауданына барған кезде түсірілген. Бірақ видеода көтерілген мәселе өзектілігін әлі жойған жоқ. Білім саласындағы жемқорлық аз емес. Тіпті неге бұлай екенін журналистер Оқу-ағарту министрінен сұраған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close