Жаңалықтар

Нұрай Серікбайдың өлімі: жәбірленуші тарап видеоның таралуына байланысты шағым түсірді

Шымкент қаласында қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасының адвокаты полицияда берілген жауаптың видеосының интернетке таралуына байланысты шағым түсірді. Бұл туралы «31 арна» хабарлады, деп жазады Qandastar.kz порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бейнежазбаны құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер таратқан. Кадрларда марқұм Нұрай Серікбай күдіктіге қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов аталған видеоны таратқаны үшін бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты ресми шағым жолдаған. Оның айтуынша, бұл бейнежазба қылмыстық іс бойынша дәлел болып табылады және тергеу аяқталғанға дейін жарияланбауы тиіс.

«Бұл жаңалық біз үшін күтпеген жағдай емес. Бейнежазба – тергеу барысында қаралуы тиіс дәлел. Оның жариялануы тергеу құпиясының бұзылғанын көрсетеді. Мұндай жағдайларда заңда жауапкершілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Біз шағым түсірдік, енді тергеу бұл әрекетке құқықтық баға береді», – деді адвокат.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button