Әлеуметтік желідегі Threads платформасында студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты жаңа ақпарат тарауда. Желі қолданушылары күдікті Аймахан Шерханның белгілі блогер, «Қалаулым» жобасы арқылы танылған Камила Әділханның қайын інісі екенін жазып жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Алайда бұл ақпаратқа қатысты блогер әзірге түсініктеме берген жоқ.

Қанды қылмыс 11 қаңтар күні кешкісін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 28 жастағы ер адам студент қызды жеті жерінен пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті көп ұзамай ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Марқұм Нұрай Серікбай Алматы қаласынан Шымкентке қысқы демалысқа келген. Қайғылы оқиғадан кейін оның туыстары мен жақындары қылмыскерге ең қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.



