
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов анасының өмірден өткенін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі анасымен қоштасып, жүрек тебірентерлік жазба қалдырған.
Әнші өз жазбасында анасының Аллаға мадақ айтып, пайғамбарға салауат жолдауды өмірлік дағдысына айналдырғанын, намаз сайын елдің тыныштығын тілеп жүретінін ерекше атап өткен. Оның айтуынша, анасының иманы мен жүрегіндегі мейірімі, қасиетті Құранға деген құрметі – өзіне әрдайым үлгі болған.
«Періштедей пәк анашым, сіздің мейіріміңіз бен жылуыңыз қара шаңыраққа ерекше қасиет беріп тұратын. Сіз кеткеннен бері орныңыз тым бөлек, көңілім босап, жаным ауырады. Жадыраңыздың жүзін көргенде жүрегім сыздайды. Сіздің жайнамазыңыз бен тәспеңізді ұстап, сағынышымызды басамыз. Кеше бір періште балаңыз жаулығыңызды құшақтап ұйықтап қалыпты… Орныңыз ойсырап қалды, асыл ана…» – деп бөлісті өнерпаз.
Оқырмандар мен әріптестері әншіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.



