Жаңалықтар

«Нұрқанатқа үш рет пышақ сұққан мен, Равиль Сакиевтің еш қатысы жоқ – Абзал Шынасыл

Фото: ашық дереккөз

Жарыссөзде айыпталушы Абзал Шынасыл сотқа арналған сөзін сөйлеп, жәбірленуші тараптан кешірім сұрайтынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Аikyn.kz жазғандай, жәбірленуші тараптан кешірім сұрай отырып, Шерзат Полатқа қолы тимегенін жеткізді.

– Шерзат Полатқа қатынасып, жақындаған емеспін. Сол жерге барғанда Нұрқанатпен төбелестім. Соған ашуланып, ызаланып, мен үш рет пышақ салдым. Нұрқанатқа ашуланғаным, оның мылтықпен атқанына. Равиль Сакиевке сондай айып тағылып жатыр, бұған оның дым қатысы жоқ. Өзімнің не істегенімді нақты білемін, бұл ісіме өкінемін. Кінәмді жартылай мойындаймын. Сол кезде мен көлікке сыймай, кафенің алдында қалып қалғанымда бұлай болмас еді деп ойлаймын, – дейді Абзал Шынасыл.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close