
Фото: видеодан скриншот
Әйгілі «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің мүшесі Мұрат Қожа Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында алғашқы жеке көлігіне қатысты әсерлі оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Әншінің айтуынша, оған алғашқы көлікті марқұм ағасы Өмірбек сыйға тартқан. Алайда ағасы біреудің көлігімен апатқа ұшырап, қайтыс болған. Жаназа алдында көлік иесі «қарызы бар» деп талап қойған кезде, Мұрат Қожа ойланбастан шығып, қарызды өзі өтегенін жеткізді.
«Сол сәтте маған ауыр болды. Бірақ ойланбастан көлікті сатып, ағамның қарызын өтедім», – деді ол.