Танымал журналист және «Уақыт көрсетеді» YouTube подкасының жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай атақ алушыларға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі марапаттау жүйесіне көңілі толмайтынын айтты. Ол көпшіліктің төсбелгі таққанымен, шынайы еңбек еткен адамдардың назардан тыс қалатынын атап өтті.
Таңнан кешке дейін жұмыс істеп, қоғамға нақты пайда әкелетін малшылар, диқаншылар, көше сыпырушылар мен қаланы тазалап жүрген адамдардың еңбегі бағалануы керек дейді. Кейде қарапайым сөзді айтып қиналатындар атаққа ие болса, адал еңбектің иелері байқалмай қалатынын және бұл жағдайдың оны күйзелтетінін жеткізді. Оның пікірінше, марапаттар еңбектің өзінен туындауы тиіс.



