Білім

НЗМ-дағы шу: министрлік мұғалімді балағаттаған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: НИШ

Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz

Ведомствоның ресми өкілі атағандай, біздің елімізде ұстаздың мәртебесі заңмен бекітілген, бұл – оның қоғамдағы орны ерекше екенін білдіреді. Ұстаз – бала тәрбиелеп, ұрпаққа жол көрсететін ардақты жан. Сондықтан ата-ана мен оқушы тарапынан мұғалімге құрметпен қарау – ең алдымен адамгершіліктің белгісі. Білімге сенім – сол білімді беріп отырған ұстазға сенуден басталады. Мұғалімнің абыройына күмән келтіру – бүкіл жүйенің беделін түсірумен бірдей.

Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі педагогтің қадір-қасиетін төмендететін кез келген әрекетке қатаң сын көзқараспен қарайды. Сонымен қатар бұл оқиғада оқушы өз қателігін түсініп, өкініш білдіріп отыр. Енді НЗМ бұл жағдайды тек ішкі тәртіппен ғана емес, сондай-ақ адамгершілік, кешірімділік пен нағыз ұстаздық ұстанымдарға сүйене отырып шешеді деп үміттенеміз, — деді Мереке Амангелдіқызы.

BAQ.KZ тілшісі жазғандай, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселеге өзі жіті назар аударып, тиісті тапсырмалар берді. Министрдің нұсқауына сәйкес, аталған мәселемен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және аймақтық департаменттің өкілдері айналысады.

Министр «НЗМ» басқарма төрағасы Ануар Жанғозинмен сөйлесті. Басқарма төрағасы мәселені жеке қолға алғандығын, жағдайды жан-жақты қарап, не болғанын әділ бағалап, дұрыс шешім қабылдайтынына сендірді, — деп қосты ведомство өкілі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close