Жаңалықтар

Обал-сауапты білмейтін оңбағандар!: Алматы облысында белгісіз біреулер үйір жылқыны атып, далада сойып алған (ВИДЕО)

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, атап айтқанда Ақши ауылының маңындағы күре жолдың бойында аса қатыгездікпен жасалған қылмыс орын алды, деп жазады qandastar.kz сайты Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз тұлғалар жайылымдағы бір үйір жылқыны мылтықпен атып, бірнеше жануарды қырып салған, соның ішінде төртеуін сол жерде сойып әкеткен.

Оқиға орнында қалған басқа жылқылар оқтан жараланып, далада қалған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары мен белсенділер құзырлы органдардан кінәлілерді тауып, оларды заң бойынша ең қатаң жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

КТК телеарнасының тілшісі Диас Нұрақын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған жайтқа қатысты видео жазба қалдырды.

Обал-сауапты білмейтін оңбағандар! Алматы облысында ұрылар жылқыны жолдың бойында сойып әкетіп жатыр. Үш күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында екі үйір жылқыны жауыздар бытырамен атып, құлағанын сойып әкетіпті. Бас-сирағын, ішек-қарнын жол бойына жайратып тастап кеткен. Тіпті кейбірінің сүрпі еттерін сылып алып, сүйек-саяғын лақтырып тастаған. Әшейінде шемішке шағып, түкіргендерді тауып алатын камералар осындайда көр соқыр болып қалады. Алматы-Қорғас ақылы жолындағы тізілген камералар түк көрмеген бе сонда? Полиция да тым сылбыр дейді мал иесі. Ұрылар ұсталмайды дегенге ставка қабылдаймын. Қане, кім бәстеседі менімен?, – деп жазды Диас Нұрақын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Диас Нұрақын (@diasnurakyn)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button