Шоу бизнес

«Одан да асып түсесің»: жас әнші Димаш Құдайбергеннің әнін орындап, көпшіліктің пікірін сұрады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Қуаныш Тұрдыжан есімді жас әнші тойда Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін орындаған видеосын жариялады, деп жазады qandastar.kz.

«Димаштың әнін айтып көрдім. Ол сияқты жоғары ноталарға жете алдым ба?» – деп ол көпшіліктен сұрады.

Жүктелген видео көп қаралым жинап, пікірлерде көпшілік жас әншіні қолдап, жағымды жазбалар қалдырды.

«Димаштың әндерін орындау оңай емес, бірақ мына жігіт өте жақсы орындап шықты»

«Бауырым, өлең айту бір адамнан асу емес, көп адамның ниетіне жүрекпен жеткізу. Керемет, сенде де бар дауыс»,

«Керемет, Димаштан да асып түсесің, егер мықты продюсер кезіксе»,

«Қазақтың жігіттері бірінен бірі өткен дарын иелері ғой, жарықтық»,

«Үлкен сахнаға шығуыңды тілеймін. Димаш сияқты бүкіл әлем танысын», — деді көпшілік.

@kuanysh_artist 🎤 «Когда Димаш в душе поёт… 😎💥 #димаш #умытылмаскүн #cover ♬ оригинальный звук — @kuanysh_artist

Ұқсас Мақалалар

Back to top button