Жаңалықтар
«Оған қамқорлық жасағым келді»: Әділет Майғазиев сүйіктісімен қалай танысқанын айтты

Сәкен Майғазиевтің күні кеше ғана шаңырақ көтерген ұлы Әділет Майғазиев сүйіктісімен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Ол сүйіктісі Әдияны алғаш Ақтау қаласына барғанда көрген.
«Бір жыл бұрын Ақтауда таныстық. Берекет деген досым кофехана ашқан. Әкем, көмекшісі үшеуіміз қолдау білдіріп бардық. Сол кезде көрдім. Сырттай көріп, ұнатып қалдым. Бірақ ол ашылуда танысқан жоқпыз. Содан арамыз үзіліп қалды. Бір күні Берекет досым үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бардық. Әдия – досымның жақын қарындасы. Досымныңі туысқаны болғасын бірден сөзге тартып, танысып кете алмадым. Үйлену тойдан кейін жастар шағын басқосуға жиналдық. Біздің жақын танысуымызға да сол кеш себеп болды. Ертеңіне Берекеттің үйіне менің ата-анам, өзінің туыстары жиналды. Дастарханда Әдия менің жаныма отырып қалды. Сыртқа шыққанда оның аяқ киімін әпердім. Оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері дос болып араласа бастадық. Міне, шаңырақ көтердік», — деді ол.