
«Биологиялық негіздеме бойынша Орал популяциясына жататын киіктердің 20 пайызынан аспайтын көлемін (226 мың бас), Бетпақдала популяциясының 15 пайызын (111 975 бас) ұсынылған болатын. Киік санын реттеу шарасы 2023 жылдың 6 қазанында басталып, 2024 жылдың 10 ақпанында аяқталды. 42 мың бас киік ауланды. Бұл биологиялық негіздеме ұсынған жоспардың 12 пайызы деген сөз», — деді бас директоры Марлен Айнабеков.
Сондай-ақ, Марлен Айнабеков киік аулау түнде жарық көмегімен ату арқылы, күндіз тор құрып қамау арқылы жүргенін атап өтті.