Жаңалықтар

Ойын кезінде 19 жастағы футболшы Диас Төлеу көз жұмды

Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде болды. 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу алаң үстінде кенет есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өмірден өтті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Диас — алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасына және командасына қайғыра көңіл айтты.

Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды.

«Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», – деп жазылған хабарламада.

Back to top button