Білім

«Оқу процесі хаосқа айналады»: Аймағамбетов сабақ уақытын қысқартқан Қазақстан мектептерін сынға алды

Фото:  ortcom.kz
Бұрынғы министр, депутат Асхат Аймағамбетов кейбір мектептерде сабақ ұзақтығының қысқартылғанын сынға алды. Бұл туралы  qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодардағы барлық мектепте 40 минуттық сабақ енгізілген екен. Бұл кесте білім беру ұйымдарында адам көптігіне байланысты жасалды дейді.

Бұл шешімге бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

“Павлодар облысының басшылары сабақтарды 30 минутқа дейін қысқартуды ойлап таппағанына шүкір! Мұндай логикамен, енді жаңа мектептер салмай-ақ, төрт ауысымға көшіп, миллиардтаған қаражатты үнемдеуге болар еді.

Шынын айтқанда, Павлодарда сабақтарды қысқарту көптеген сұрақ туғызады. Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей қалай сабақты қысқартуға болады?”, – деді Аймағамбетов.

Сөзінше, аймақтар сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшсе, оқу процесі хаосқа айналады.

“Бұл білім сапасына және барлық оқушыға сапалы білім алу үшін тең жағдай жасауға үлкен проблема тудыратыны анық. Қызық парадокс: бір жағынан, ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп жатыр, ал екінші жағынан әр облыс сабақтың ұзақтығын өзі шешеді. Бірізділік қайда? Ғылымға негізделген шешім қайда?”, – деді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бір өңіріндегі мектептерде өзгеріс енгізілген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close